Астана қаласының Әдістемелік орталығы мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне әдістемелік және оқу-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында қалалық әдістемелік десант өткізді.
Әдістемелік десант барысында бірқатар өзекті тақырыптар қамтылды:
Ø «Педагог» кәсіптік стандарты.
Ø «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
Ø Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
Ø Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогтердің біліктілігін арттыру жұмысын тиімді ұйымдастыру
Ø Авторлық жұмысқа қойылатын талаптар
Ø Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары
Ø Психологиялық педагогикалық қолдау қызметі
Іс-шараға мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 400-ге жуық әдіскер мен тәрбиешілер қатысты.