2024 жылғы 18 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сай КММ «№38 Мектеп-лицейінде» ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беру моделі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар барысында:
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдері;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарында ойын түрін қолданудың маңыздылығы;
- Балабақшадағы баланың сөйлеу тілін түзетудегі заманауи тәсілдері туралы оқыту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, семинар қатысушыларымен «Педагогтардың эмоционалды тұрақтылығы» тақырыбында тренинг өткізілді.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.