Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы жас мамандарына арналған оқыту семинары 

2024 жылғы 08 қараша Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы жас мамандарына «Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар  балалармен жүргізілетін жұмыстың әдіс–тәсілдері» оқыту семинарын өткізді. 

Іс-шара барысында «Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда тиімді инновациялық технологияларды пайдалану», «Ерекше балаларға арналған логоритмикалық ойын жаттығулары», «Түзету-дамыту жұмыстарындағы нейро ойындар мен жаттығулар» тақырыптарында  мектеп жасына дейінгі балалардың артикуляциялық моторикасын дамыту, зейіндерін  қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып іскерлік ойын, шебер-сыныптар  арқылы іс-тәжірибелерімен бөлісті. Арнайы мамандарға өткізілген оқыту семинары өте қызықты  әрі пайдалы болды. 

 Іс-шара соңында, арнайы мамандар кері байланыста болып ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 50-ге  жуық арнайы жас  мамандары   қатысты. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *