2025 жылғы 30 сәуір Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес №73 «Аяулым» балабақшасының арнайы мамандары Алматы ауданы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізді.
Іс-шара барысында балабақшаның арнайы мамандары ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен «Ерекше балалардың сенсорлық қабілетін дамыту», «Ойнаймыз, сөйлейміз», «Ерекше балаларды ойын түрінде дамыту», «Кел ойнайық» атты ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерін көрсете отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіне қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 30-ға жуық арнайы мамандары қатысты