Мектепке дейінгі арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының іс-шарасы

2025 жылғы 15 сәуір Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес №90 «Еркежан» балабақшасының арнайы мамандары Нұра аудандарының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізді.

Іс-шара барысында балабақшаның арнайы мамандары ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен «Дұрыс сөйлеу еліне саяхат», «Ферма», «Нейронды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар» атты ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерін көрсете отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіне қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 20-ға жуық арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *