2025 жылғы 09 сәуір Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес №24 «Айналайын» балабақшасының арнайы мамандары Алматы ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізді.
Іс-шара барысында балабақшаның арнайы мамандары ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен «Жоғалған ғарышкерді іздеу», «Ғарышқа сапар», «Менің сүйікті ертегім», «Көңілді түстер», «Пішіндер», «Біздің денеміз», «Қарама-қарсы» атты ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерін көрсете отырып ерекше балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіне қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 15-ке жуық арнайы мамандары қатысты.