Мектепке дейінгі  арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының  іс-шарасы

              2026 жылғы 29 қаңтар   Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі  арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес №66 «Толағай» балабақшасының арнайы мамандары  Алматы, Сарайшық  аудандарының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін  өткізді.

  Іс-шара барысында балабақшаның арнайы мамандары  ерекше білім беру  қажеттілігі бар балалармен ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерін көрсете отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудың  тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

 Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіне  қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 30-ға жуық  арнайы мамандары   қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *