Мектепішілік бірлестік жетекшілерінің жұмысын жүйелеуге арналған қалалық әдістемелік отырыс

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 05 қаңтар күні «№32 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК базасында   қазақ тілі мен әдебиеті пәні(Т2)  әдістемелік жетекшілеріне арналған «Мектепішілік бірлестік жетек шілерінің жұмысы: жүйелеу, бағыт-бағдар және тәжірибе алмасу» тақырыбында қалалық отырыс өтті.

Отырыс барысында жетекшілерге әрбір педагогтің білуге тиіс нормативтік-құқықтық құжаттары туралы ақпарат беріліп, оқыту үдерісін жоспарлау және құжаттаманы жүйелеу бойынша бағыт-бағдар ұсынылды.  Атап айтқанда, бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ), тоқсан бойынша жиынтық бағалауға (ТЖБ) арналған тапсырмалардың ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды (КТЖ) және қысқа мерзімді жоспарды (ҚМЖ) тиімді әзірлеу мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, жұмыс барысында туындаған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге және әдістемелік жұмысты жүйелеуге ықпал етті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *