2025 жылғы 13 мамырда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес мектеп кітапханашыларына арналған әдістемелік сағат өтті. Іс – шара онлайн форматта ұйымдастырылды.
Вебинардың негізгі тақырыптары: балаларды кітап оқуға тарту: бастауыш және жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері мен форматтары, кітаптарды насихаттаудың интерактивті әдістері, мектеп кітапханасының мәдени әрі білім беру орталығы ретіндегі рөлі талқыланды.
Сонымен қатар, оқу жылының соңында оқулықтарды жинауды ұйымдастыру: педагогтар және ата-аналармен тиімді өзара әрекет ету бойынша ұсыныстар берілді, оқулықтарды жинақтау тәртібі түсіндірілді.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен белсенді бөлісіп, сұрақтар қойып, өз идеяларын ұсынды. Вебинар мазмұнды, әрі тәжірибеге бағытталған болды.