2025 жылғы 21 мамырда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласының №56 мектеп-лицейінде «Математика пәнінде оқушылардың ойлау дағдыларын дамытудағы TIMSS тапсырмаларының қолданылуы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің математика пән мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты — математика пәні мұғалімдеріне халықаралық зерттеу форматындағы тапсырмаларды сабақ үдерісіне енгізу жолдарын көрсету, оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамытуда TIMSS тапсырмаларын тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерімен бөлісу.
Семинар барысында қатысушылар келесі маңызды мәселелерді қарастырды:
· TIMSS зерттеу тапсырмаларының құрылымымен және мазмұндық ерекшеліктерімен танысты;
· логикалық, сыни, талдамалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған әдістемелерді талдады;
· пәнішілік және пәнаралық байланыстарды қалыптастырудағы тиімді тәсілдерді қарастырды;
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық тапсырмалар орындап, пікір алмасты. Семинар соңында қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, болашақта осындай тәжірибе алмасу алаңдарының жиі өткізілуіне ниет білдірді.