М. ӘУЕЗОВ – ДӘУІР ТҰЛҒАСЫ

28 қыркүйек күні Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында М. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «М. Әуезов – дәуір тұлғасы» атты қалалық деңгейінде мерекелік іс-шара және «М.О. Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты І қалалық панорамалық сабақ беру, эссе жазу конкурсы өтті. Мерекелік шараға зиялы қауым Әуезов мұрасын зерттеуші ғалымдар, серіктес мектептер қатысты. Мектеп оркестрінің тамылжыған күйімен басталған мерекелік күн оқушылардың «Әуезов әлемі қылқалам, қолөнер шеберлері көзімен» атты сурет, қолөнер туындылары көрмесімен жалғасты. Кішкентай бүлдіршіндер Бөрлідегі Әуезов мұражайымен таныстырды. Мектептің ІІІ қабатында орналасқан «Әуезов әлемі» атты бөлімде оқушылар жазушының өмірі, шығармашылығы жайында тың деректер айтып, өз ізденістерін көрсете білді. «Әуезовтің ғылыми кабинетінде» аталмыш оқу жылында ашылған тәжірибелік алаң жұмысымен таныстырды. «Әуезов кино әлемінде» атты бөлімде жазушының шығармалары негізінде түсірілген кинолар қойылып, оқушылар QR код арқылы тамашалауға болатындығы қонақтарды қызықтырды. Мектеп кітапханасында бүгінгі ұлы тойда ұлы тұлғалардың қатысуымен республикамыздың түпкір-түпкіріндегі жазушы атындағы мектептермен байланыс жасай отыра  «Әуезов айнасы» атты клубы ашылып және Мұхтардың жас кезінде ойнаған  «Ярыш» командасын қайта жандандыру мақсатында,  «Ярыш – 86» командасы құрылды.  Түркістан облысы  Сауран ауданы, Жамбыл облысы, Жанатас қаласы, Зайсан қаласы, Павлодар қаласындағы  М. Әуезов атындағы мектептермен тікелей эфирде байланыс жасалып, меморандумға қол қойылды. Мерекелік іс-шара  өнер сахнасымен жалғасын тапты. Атаулы күннің екінші кезеңі «М.О. Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты І қалалық конкурсымен жалғасты. Конкурсқа қатысушы №№87 МГ, №57 ОМ, №72 МЛ, №74 МГ, №83 МГ, № 93 МГ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері понорамалық сабақ көретсе, сол мектептердің  9-11  сынып оқушылары эссе жазу байқауында бағын сынады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *