Кітапханашыларға арналған семинар өтті 

  2025 жылғы 14 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес, Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында «Мектеп кітапханашылары жұмысындағы қиындықтар мен проблемалар» тақырыбындағы қалалық семинар ұйымдастырылды. 

Семинарға қаланың білім беру ұйымдарынан    жас мамандар қатысып, өзара тәжірибе алмасуға және кәсіби құзыреттілікті арттыруға мүмкіндік алды. 

Іс-шара барысында мектеп кітапханашыларының кәсіби дамуы, кітапхана құжаттамасын дұрыс және жүйелі жүргізу, суммалық және инвентарлық кітаптарды рәсімдеу талаптары, сондай-ақ картотека құру және оқырмандар есебін ұйымдастырудың тиімді әдістері қарастырылды. 

Қатысушылар мектеп кітапханасының білім беру үдерісіндегі рөлі, ақпараттық ресурстарды басқару және заманауи кітапхана жұмысын жетілдіру бағытында практикалық ұсыныстар мен тәжірибелермен бөлісті. 

Семинар қорытындысында қатысушылар өз жұмыстарына енгізуге болатын әдістемелік ұсынымдар алып, мектеп кітапханашыларының кәсіби қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар қабылданды. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *