Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 8 желтоқсан күні заманауи әдістемелер мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, қазақ тілін оқытуды тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсету мақсатында Kazakhstan International School Astana мектебінде «Қазақ тілін үйрету: халықаралық және қазақстандық тәжірибе» атты қалалық семинар өтті.
Бұл маңызды жиынға Астана қаласының мектептері мен жоғары оқу орындарының тәжірибелі педагогтері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары мен тиімді әдістерін талқылап, тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.
Пленарлық бөлімде ҚР Білім министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Қазақ тілі зертханасының ғылыми қызметкері Б. Ахмер, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ҒЗИ, филология ғылымдарының кандидаты А.С.Ақтанова, PhD доктор Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» Халықаралық жобаларды үйлестіру бөлімі басшысы Л.М.Демесінова, Haileybury Astana мектебінің қазақ тілі мұғалімі, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі Озода Маннопова, сондай-ақ Kazakhstan International School Astana мектебінің қазақ тілі мұғалімі М.Зиябек мазмұны терең, ғылыми-әдістемелік ой-тұжырымдарға толы баяндамаларымен тыңдарман ықыласына бөленді.
Ал семинардың тәжірибелік бөлігінде кәсіби біліктілігімен танылған Дженкинс Ка Кью Фиби, Д.Б.Рахимова пеагогтері менС. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Қ.Н.Баракова және Г.К.Калибековақызықты әрі мазмұнды шеберлік сыныптарын өткізіп, өздерінің тиімді әдістемелері мен оқу тәжірибелерін ұсынды.
Қалалық семинар қазақ тілін оқыту саласындағы мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасудың жаңа алаңына айналып, педагогтердің әдістемелік қорын байытуға, халықаралық тәжірибені білім беру жүйесіне енгізуге зор мүмкіндік берді.












