Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2024 -2025 оқу жылының жоспарына байланысты 2024 жылы 19-27 желтоқсан аралығында білім беру ұйымдары директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін басқарудың тиімділігін арттыру бойынша шығармашылық қызметін дамытуға, мемлекеттік білім беру стандарттарын ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастырудағы инновациялық технологияларды қолдауға, кәсіби шеберлігін арттыруға, білім беру басымдығын бекітуге бағытталған онлайн «Кәсіби маманды тәрбиелеу» тақырыбында қалалық байқау өткізді.
Байқауда 80 оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлар жұмысы қаралды. Байқау қортындысы бойынша 6 жеңімпаз анықталып, бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды. Сондай-ақ комиссия мүшелерінің оң пікірімен бағаланған 58 орынбасарға қатысушы сертификаты табысталды.
Марапаттау 2025 жылғы 20 қаңтар күні №99 орта мектеп базасында өтті.
І орын — Каметова Айгуль Бактияровна, «№ 7 мектеп-гимназия», оқу жұмысы жөніндегі орынбасар;
І орын — Алниязов Болат Тасмагамбетович, «№ 44 орта мектеп», оқу жұмысы жөніндегі орынбасар;
ІІ орын — Дюсенова Шамшибану Аманжоловна, «№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицей», оқу жұмысы жөніндегі орынбасар;
ІІ орын — Батыргалиева Шынар Халеловна, «№ 83 мектеп-гимназия», оқу жұмысы жөніндегі орынбасар;
ІІІ орын — Сыдых Бахытгул, «№ 93 мектеп-гимназия», ДОЖ жөніндегі орынбасары, оқу жұмысы жөніндегі орынбасар;
ІІІ орын — Мейрамбаева Сая Сайранбековна, жайлы «№ 111 орта мектеп», оқу жұмысы жөніндегі орынбасар.
Байқауда оң бағаланған жобалар кәсіби маман дайындауда тәжірибелік алаң ретінде қалалық деңгейде таратуға ұсынылды.