«943 – еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жоба аясында, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» Жобалық кеңсенің жұмысы аясында 2025 жылдың 29 қаңтарында Қ. Мұхамедханов атындағы #90 мектеп-гимназиясында «Педагогтердің кәсіби күйзелуінің алдын алу» тақырыбында семинар-тренингін өткізді. Аталған іс-шара педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында эмоционалды көңіл-күйін күйзелуден сақтандыру және моральдық шаршауының алдын алу үшін жүргізіледі. Жалпы педагогтердің көңіл-күйі мен эмоционалды жағдайы меткептегі қолайлы атмосфераның басты факторларының бірі болып табылады. Аталған тренингке мектептің 29 педагогы қатысты.
Тренингтің жүргізушісі орталықтың әдіскері, нейротренер және психофизиолог Сембаева Асем Болатқызы @as.sembaeva адамның эмоционалды жағдайы оның өзін бақытты сезінуіне тікелей әсер етеді, сонымен қатар бақытты педагог бақытты оқушы тәрбиелейді деген ұстанымда.