«943 – еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жоба аясында, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» Жобалық кеңсенің жұмысы аясында 2025 жылдың 22 қаңтарында Д. Бабатайұлы атындағы #89 мектеп-лицейінде «Педагогтердің кәсіби күйзелуінің алдын алу» тақырыбында семинар-тренингін өткізді. Аталған іс-шара педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында эмоционалды көңіл-күйін күйзелуден сақтандыру және моральдық шаршауының алдын алу үшін жүргізіледі. Жалпы педагогтердің көңіл-күйі мен эмоционалды жағдайы меткептегі қолайлы атмосфераның басты факторларының бірі болып табылады. Аталған тренингке мектептің 115 педагогы қатысты.
Тренингтің жүргізушісі және орталықтың әдіскері, нейротренер және психофизиолог Сембаева Асем Болатқызы @as.sembaeva.training адамның эмоционалды жағдайы оның өзін бақытты сезінуіне тікелей әсер етеді, сонымен қатар бақытты педагог бақытты оқушы тәрбиелейді деген ұстанымда.