«Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты Ұлттық баяндама тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы 31 наурыз күні №26 мектеп-гимназия базасында «Педагогикалық сынып» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында «iTeacher» III Жастар педагогикалық форумы өтті. Форумға Қостанай, Павлодар, Астана қаласының 100-ден астам 9-11 сынып білім алушылар жетекшілерімен қатысты.
Форумның мақсаты: педагогикалық мамандыққа қызығушылық танытатын жоғары сынып білім алушыларының өзара іс-қимылы үшін білім беру кеңістігін құру.
Форум барысында қатысушы мектеп командалары AirDrop — нетворкинг арқылы өздерін таныстырды, сонымен қатар, «Жаңарту және қайта жүктеу» стратегиялық практикалық сессияларда сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
«Teacher’s Apps» бөлім аясында «STEM-зертханасы», «Пікірталастар», «IT-секция», «Оқу мәдениеті қалыптасқан мектеп», «Өнер шеберханасы» тақырыптары бойынша шебер-сыныптар өтті.
Командалар «Profi-галерея» бейне презентация бағыты бойынша педагогикалық сыныптар қызметінің үздік тәжірибелерінің көрсетілімін жүргізді. Сонымен қатар, іс-шара барысында оқушылар өздерін педагог рөлінде сынап сабақтар өткізді.
Форум соңында білім алушылар алған әсерлерімен бөлісіп көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды.