«Аналитика және мониторинг» бөлімі
Бөлім басшысы: Айгуль Есеновна
Міндеттері:
— Мектепке дейінгі, орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының аттестатталатын педагогтерінің портфолиосына сараптама ұйымдастыру және жүргізу;
— Педагогтерді аттестаттау бойынша білім беру ұйымдарындағы педагогтерге консультациялық көмек көрсету
— Педагогтерді аттестаттау бойынша сараптамалық топтарда жұмыс істеуге мамандарды даярлау.
— Оқушылардың білім сапасының мониторингі.
— Педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру.
— Білім беру ұйымдарының педагогтерінің кәсіби қызметіне талдау жүргізу.

«Білім беру саласындағы зерттеулер» бөлімі
Бөлім басшысы: Мухамеджанова Алма Каиркеновна
Міндеттері:
— Білім беру саласындағы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін
ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу
мәселелері бойынша ішкі және сыртқы өзара іс-қимыл;
— Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесінде мониторингтік зерттеулерді
ұйымдастыру және жүргізу;
— Зерттеу бейініне сәйкес келетін жоғары оқу орындарымен, ұйымдармен ғылыми
және әдістемелік ынтымақтастықты дамыту;
— Зерттеу және мониторингтік рәсімдерді жүргізу нәтижесінде алынатын ақпаратты
жүйелеу және қорыту;
— Зерттеу нәтижелері бойынша ақпараттық-талдамалық есептер мен материалдарды
дайындау және тарату;
— Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
