2025 жылғы 23 қыркүйек күні «Global scholars» халықаралық жобасы аясында №97 мектеп-гимназия базасында бағдарламаны жүзеге асыратын мектеп үйлестірушілері мен педагогтерге арналған әдістемелік-нұсқаулық семинар өтті. Семинарға 40 мектептен 64 педагог пен жоба үйлестірушілері қатысты.
Семинар барысында жобаның жаңа оқу жылында жүзеге асырылуы, бағдарлама ерекшеліктері, сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары, қолданылатын цифрлық құралдарды ұтымды қолдану, білім алушының платформадағы іс-әрекеті, шет елдегі білім алушылармен байланысқа шығу және олармен кері байланыс алу үлгісі туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, К. Жамбуршина-№87 мектеп-лицейі, С. Сералимова-№17 мектеп-гимназиясы, Н. Муханова-№10 мектеп—гимназиясының тәжірибелі үйлестірушілері жоба аясында E-classroom электронды сыныптағы жұмыстары, Global Scholars бағдарламасында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар жаңа оқу жылындағы жоспарды талқылап, кері байланыс берді.