«Дұрыс тамақтану – табысты өмірдің кепілі» тақырыбында қалалық семинар

2025 жылғы 24 қазан күні Астана қаласының №111 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Дұрыс тамақтану – табысты өмірдің кепілі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға елорда мектептерінің химия, биология пәндерінің 100-ден астам педагогтері және «Бондюэль Қазақстан» ЖШС, Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында «Дұрыс тамақтану– табысты өмірдің кепілі»  тақырыбында 9-сынып білім алушыларына арналған элективті курстың таныстырылымы өтті.

Сонымен қатар, семинар аясында Чуенбекова Ардақ Байбараққызы, академик Т.Шарманов атындағы «Нутрициология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты,
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушысы; Ұлттық Дұрыс тамақтану Орталығының мүшесі, медициналық терминдер бойынша республикалық «Терминком» мүшесі, «Қазіргі қоғамда, әлемде және Қазақстанда дұрыс тамақтанбаудың салдары», «Элективті курсты оқыту әдістемесі», Лорент Галина Юрьевна, Мәскеу қаласы, Bonduelle компаниясының тұрақты даму жөніндегі менеджері, «Жобаның негізгі құндылықтары. Курстың құрылымы. Бағдарламаның әзірленуі» туралы сөз қозғады. Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы, координатор программы «Дұрыс тамақтану — табысты өмірдің кепілі» жобасының үйлестірушісі Ежова Татьяна Владимировна, Алматы қаласы мектептерінде элективті курстың жүзеге асырылуы туралы ой бөлісті.

Іс-шара соңында, аталған элективті курсты Астана қаласы мектептерінде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *