Білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту және экологиялық сана мен мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында 2025 жылғы 25 сәуір күні «Global scholars» халықаралық жобасы аясында «Train your brain» зияткерлік олимпиадасы өтті.
Iріктеу кезеңіне «Sustainable City and Community» тақырыбындағы бейнероликтерді 16 мектеп ұсынды, соның ішінде 6 мектептің жұмыстары II — кезеңге жолдама алды.
Олимпиаданың II-кезеңіне «Global scholars» жобасын іске асыратын мектептердің 5-7 сынып білім алушыларынан құрылған 6 команда қатысты: №56 «Guiding the future», №74 «Smart Pals», №80 «Nature Guardians», №84 «Girls Club», №91 «Eco Friends,», онда қатысушыларға түрлі зияткерлік ойындар ұсынылды.
Олимпиаданың II – кезеңі «Global leaders» ағылшын тілінде өтті және 4 кезеңнен тұрды:
«Meet and Greet!» — команданы таныстыру;
«A wise and insightful leader» — «Даналы әрі терең ойлы көшбасшы»;
«Check your memory» — «Өзіңді тексер»;
«Home tack: As good as new » -«Үй тапсырмасы».
4 турдың қорытындысы бойынша:
1- орын- №91 мектеп-гимназиясы;
2- орын — №56 мектеп-лицейі;
3- орын -№80 мектеп-гимназиясы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!