Білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту және экологиялық сана мен мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында 2024 жылғы 26 сәуір күні «Global scholars» халықаралық жобасы аясында «Train your brain» зияткерлік олимпиадасы өтті.
I-іріктеу кезеңіне «Nature in Our lives» тақырыбындағы бейнероликтерді 16 мектеп ұсынды, соның ішінде 6 мектептің жұмыстары II — кезеңге жолдама алды.
Олимпиаданың II -кезеңіне «Global scholars» жобасын іске асыратын мектептерден 5-7 сынып білім алушыларынан құрылған 6 команда қатысты: №26 «Eco friends», №46 «Friends of nature», №74 «Zoomers», №81 «The Global Healers», №89 «Arrows», №91 «Global heroes», «Global leaders», онда қатысушыларға түрлі зияткерлік ойындар ұсынылды.
Олимпиаданың II — кезеңі ағылшын тілінде өтті және 4 турдан тұрды:
«Say, Hello!» — команданы таныстыру,
«Smart leaders?» — «Зияткер көсшбасшы»,
«Check your memory» — «Өзіңді тексер»,
«Home tack: Young urbanists» -«Үй тапсырмасы».
4 турдың қорытындысы бойынша:
1- орын- №81 МГ;
2- орын — №46 МГ;
3- орын -№26 МГ.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!