«Global scholars» халықаралық жобасы аясында «Think Global: Interactive Quest for Teachers» тақырыбында квест

2026 жылғы 23 қаңтар күні «Global scholars» халықаралық жобасы аясында №93 мектеп-лицей  базасында бағдарламаны жүзеге асыратын мектеп үйлестірушілері мен педагогтерге арналған «Think Global: Interactive Quest for Teachers» тақырыбында квест форматында практикалық  семинар өтті. Семинарға 40 мектептен 56  педагог пен жоба үйлестірушілері  қатысты.

Аталған іс-шара педагогтердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталды.

Семинар барысында қатысушылар  әртүрлі мазмұндағы интеллектуалдық және интерактивті тапсырмалар орындады.

Сонымен қатар, іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, командалық жұмысты нығайтуға және педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді. Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *