Астана қаласының №38 мектеп – лицей базасында «География сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбында Ш. Шакирова ұйымдастыруымен қалалық семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінің география пәні педагогтері қатысты. География сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қолданатын платформаларға тоқталып, оларды қолданудың тиімді жолдарымен А.Альдекенова, К.Толеген, Б.Тобықова бөлісті. Сонымен қатар авторлық бағдарламаны жазу жолдары туралы А. Бейсенбаев және Н.Бейсенбаева айтып берді. Бүгінгі семинарға қатысқан мұғалімдер өздерінің сұрақтарын қойып, қойған сұрақтарына жауаптарын алды.