2025 жылдың 13 ақпанында ТжКБ бөлімінің әдіскерлері орта білім бөлімімен бірлесе отырып, колледждердің оқытушылары үшін «Функционалдық сауаттылықты дамытудың құзыреттілік тәсілдері» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинар мақсаты: оқытушылардың практикалық құзыреттілігін арттыру арқылы студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Мұса А.С. №40 мектеп-лицей, Төлеубаева С.Ж. №86 мектеп-гимназия, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мамутова Г.К. №95 мектеп-лицей, биология және химия пәні мұғалімі Дүйсеева А.Е. №62 мектеп-лицей, математика пәнінің мұғалімі Авдрасол Бақытжан №81 «Astana English School» халықаралық мектеп» КММ өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы семинарға қатысушы педагогтер функционалдық сауаттылықты дамытуға көмектесетін әдістемелер және стратегиялармен танысты.
Педагогтер студенттердің функционалдық сауаттылығын дамытуға көмектесетін әдістемелік дағдылармен өз білімдерін толықтырды.