«Функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары – маманды кәсіби даярлаудың негізі» тақырыбында қалалық семинар өтті

2025 жылдың 20 ақпанында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Техникалық колледж базасында директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларына, арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлеріне «Функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары – маманды кәсіби даярлаудың негізі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар қатысушылары сапалы кадрлар даярлаудың өзекті аспектілерін, жалпы білім беретін пәндерді кәсіптік модульдермен интеграциялау маңыздылығын, өндірістік практика мен демо-емтихандарды ұйымдастыруды, сонымен қатар студенттерді WorldSkills жұмысшы мамандықтар чемпионатына дайындау ерекшеліктерін талқылады.

Іс-шараның практикалық бөлімінде, Кұрылыс-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Жанғабыл Н. М. «Өндірістік оқыту сабақтарында цифрлық құзыреттіліктерді дамыту» оқыту кейсін, Техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары К.А. Бакбергенова, А. Е. Алтынова, Ғ. А. Бижигитов «Химиялық реакциялар мен электрлік процестердің металдарды балқыту мен біріктіруге әсері» және «Өндірісте өнеркәсіптік роботтарды қолдану» шеберлік сыныптарын өткізді.

Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар зертханалар мен шеберханалардың заманауи құрал-жабдықтарымен танысып, болашақ мамандарды сапалы дайындау, әлеуметтік серіктестікті нығайту, түлектерді тиімді жұмысқа орналастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараға Астана қаласы колледждерінен 50-ден астам оқытушылар қатысты

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *