2025 жылдың 28 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласы әкімдігінің №22 мектеп-гимназиясында білім беру ұйымдарының музыка пәні мұғалімдеріне арналған «Функционалдық сауаттылық — тұлға қалыптастырудың негізі» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану және мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін тарату.
Семинар барысында қала педагогтері шебер-сыныптар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтар болсақ, №22 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғаліміЕ.В.Луценко «Эффективное использование инструментов искусственного интеллекта в образовательном процессе», К.Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясынан М.А.Куттаякова «Құндылықтар негізінде функционалды сауаттылықты қалыптастыру», Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінен М.Х.Уркумбаева «Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру: ұлттық ойындар арқылы білімді өмірде қолдану», Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясынан М.С.Құрақбай «Музыка сабағында функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары»,А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінен Ж.К.Кируова «Домбыраны қолға ұстау және алғашқы орындау техникасы»,QAZBILIM ASTANA ұлттық лицейінен О.Азатбек «Оқушылардың ұлттық аспапқа қызығушылығын аңыз-әңгімелер арқылы арттыру», ЖШС Экономикалық лицейінен И.Н.Гудина «Использование учебных заданий и ситуаций, ориентированных на формирование функциональной грамотности на уроках музыки» тақырыптарында тәжірибе алаңында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар семинарды рефлексиямен аяқтады. Іс-шараға қатысқан педагогтерден кері байланыс алынды. Іс-шараға білім беру ұйымдарынан барлығы 32 педагог қатысты.