Физика пәні мұғалімдерінің олимпиадалық дайындық құзыреттілігін арттыруға бағытталған қалалық семинар өтті

2025 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «№99 жалпы орта білім беретін мектеп» базасында «Оқушыларды физика пәнінен олимпиадаға дайындаудың тиімді тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – физика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушыларды пәндік олимпиадаларға жүйелі әрі нәтижелі даярлау тәжірибесін жетілдіру, сондай-ақ олимпиадалық есептерді шешу мен эксперименттік тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту.

Семинар жұмысына қала мектептерінің физика пәні мұғалімдері қатысты. Пленарлық бөлімде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ж. М. Салиходжа олимпиадалық дайындықтың тиімді жолдары туралы мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар семинар аясында кванттық физика мен бақылаушы принципіне қатысты пәнаралық және психологиялық қырлар да қозғалды.

Практикалық бөлімде қатысушылар бірнеше бекет бойынша жұмыс жасап, эксперименттік есептерді шешу, стандартты емес олимпиадалық тапсырмалармен жұмыс, физикалық экспериментті тиімді ұйымдастыру, динамика және механика есептерін талдау бойынша нақты әдістемелік тәжірибелермен танысты.

Семинар соңында өткен рефлексиялық бөлімде мұғалімдердің олимпиадалық қозғалысты дамытудағы рөлі, тиімді тәжірибелер мен әдістемелік қорытындылар талқыланып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Аталған семинар физика пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуына серпін беріп, оқушылардың олимпиадалық жетістіктерін арттыруға бағытталған маңызды әдістемелік алаңға айналды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *