«Физика» пәні педагогтеріне арналған қалалық олимпиада

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 қарашасында Абай Құнанбаев атындағы № 87 мектеп- гимназиясында «Физика» пәні педагогтеріне арналған қалалық олимпиада өткізілді.

         Олимпиаданың мақсаты: физика пәні бойынша жоғары ғылыми — пәндік білімі бар қалалық үздік педагогтерін анықтау. Педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми  білімді насихаттау және педагогикалық мамандықтың беделін арттыру.

Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік  60 мектебінің  79 педагогы  өз шеберліктерін сынады.

Олимпиадаға қатысушылардың жұмысын Нұр-Сұлтан қаласының  жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен педагог-шебер біліктілігі санаты бар алдыңғы жылдардағы түрлі деңгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары  бағалады.

Қалалық олимпиаданың  жеңімпаздары:

Мырзақұлов Арман Әскербекұлы — № 64 мекетеп-лицейінің  физика пәні педагогі І дәрежелі Дипломмен бағалы сыйлық планшет Prestigio табысталды;

Махметова Гульнар Какауевна —  № 60 мектеп – лицейінің физика пәні педагогі І дәрежелі Дипломмен бағалы сыйлық планшет Prestigio табысталды;

Альменов Ернар Айнарович — №73 мектеп-лицейінің физика пәні педагогі  ІІ дәрежелі Дипломмен  бағалы сыйлық электронды кітап Ritmix табысталды;

Сулейменов Адильбек Амантаевич — № 15 мектеп –лицейінің педагогі ІІ дәрежелі Дипломмен  бағалы сыйлық электронды кітап Ritmix табысталды;

Мархамед Бекболат  — № 73 мектеп- лицейінің педагогіІІІ дәрежелі Дипломмен бағалы сыйлық сыртқы қатты диск Transcend табысталды;

Есенгужинов Олжас Оралович — № 17 мектеп-гимназиясының физика пәні педагогі ІІІ дәрежелі Дипломен  бағалы сыйлық сыртқы қатты диск Transcend табысталды. Олимпиада қатысушыларына арнайы сертификаттары  және  жеңімпаздарға   бағалы естелік сыйлықтар табысталды.  Шара соңында жиынға қатысушылар  тілектерін білдіріп,  естелік суретке  түсті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *