Білім беруді жаңғырту орталығы және «№2 Оңалту орталығы» КММ бірлесе отырып ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар-практикум ұйымдастырды.
Тақырыбы: «Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарына кешенді нейропсихологиялық көзқарас».
Негізгі мақсаты: жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне ерекше балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы ақпарат беру.
Семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелер:
— жұмыс жасауда қолданылатын заманауи құралдар;
— нейропсихологиялық коррекцияны ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері;
— ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен бірлескен жұмыс түрлері қарастырылды.