2023 жылғы 03 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің №1 Арнайы мектеп-интернатында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен оқу процесінде ойын әдістерін қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар барысында педагогтер «STEM – зертханада» шеберлік сыныбын көрсетті, әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әрекеттерін қолданатын сабақтар мен тәрбие сағаттарын көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, сабақтар мен іс-шаралардан алған әсерлерімен бөлісті.
Семинарға жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдері, арнайы мамандары және педагог-ассистенттері қатысты.