«ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

2025 жылдың 23 қыркүйек күні Астана қаласындағы №85 мектеп-лицейінде «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін практикалық құралдарды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар барысында «ӨРЛЕУ» түзету орталығының директоры, әлеуметтік кәсіпкер, сенсорлық интеграция жабдығын өндіруші, медициналық маман, аутизм бар баланың ата-анасы Айжан Жақсылыққызы Минджасарова аутизм спектрі бұзылған (АСБ) және дамуында басқа да ауытқулары бар балалармен жұмыс істейтін мамандарға арналған практикалық құралдардың тиімділігі туралы айтты.

Сонымен қатар, семинарға психолог және психотерапевт Гюнтер Конемунд қатысты. Гюнтер Конемунд – психотерапия және әлеуметтік жұмыс саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар маман. Кәсіби қызметінде – жастарға көмек көрсету бөлімінің психологиялық кеңес беру орталығының жетекшісі (Германия); Фрайбург Католик университетінің «Әлеуметтік жұмыс» бағыты бойынша оқытушысы; Stepping Stones Triple P бағдарламасы бойынша сертификатталған маман (аутизм және ақыл-ой дамуында ауытқулары бар балалардың ата-аналарымен жұмыс); SES халықаралық тәжірибесі бар сарапшы (Малайзия, Үндістан, Ұлыбритания).

Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтерге арналған тәжірибелік құралдар мен сенсорлық интеграция әдістері талқыланды. Мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, балалардың дамуындағы ерекшеліктерді ескере отырып, тиімді әдістерді қолдану жолдарын қарастырды.

Семинарда қатысушылар белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасу мүмкіндігін пайдаланды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *