«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің интерактивті тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум өтті.

            2026 жылғы 22 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес № 73 «Аяулым» балабақшасында ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің интерактивті тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар барысында «AL Voice  Trainer» арқылы артикуляциялық дағдыларын дамыту», «ЕББҚ бар балалармен жұмыстың негізгі бағыттары», «Сенсорлық интеграция технологияларын қолдану арқылы ЕББҚ бар балаларды дамыту» тақырыптарында ақпарат беріліп, балаларды дамыту бойынша арнайы педагогтер ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Семинар қатысушыларымен арнайы мамандар ЕББҚ бар балалармен жасалатын жұмыстың заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығуларын, түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізді.

Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 30-ға жуық арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *