2025 жылғы 27 ақпан күні Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды арнайы сыныпта оқыту ерекшелігі» қалалық семинар-практикумы өтті.
Семинар мақсаты: ерекше білім беру қажеттілігі бар арнайы сыныпта оқитын оқушылардың тұлғалық дамуына әсер ететін тиімді оқыту әдістері арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру, сонымен қатар оқушылардың тұлғалық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған инновациялық әдіс-тәсілдермен таныстыру.
Семинардың бірінші бөлімде арнайы сыныптарда ашық сабақтар өткізілсе, екінші бөлімінде сыныптан тыс іс-шаралар мен арнайы педагогтердің жеке сабақтарынан практикалық жұмыстар жүргізілді. Үшінші бөлімде мектеп педагогтері шебер сыныптар өткізіп озық іс-тәжірибелерімен бөлісті, әдістемелік ұсыныстар берілді.
Семинар білім беру бағдарламаларына жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын пайдалану сияқты мәселелерді қамтыды.