«ELORDALYQ BILIM» апталығы

Астана қаласы Білім басқармасының Астана қаласы педагогтеріне арналған ELORDALYQ BILIM» апталығының педагогикалық онкүндік аясында 16 тамыз күні пікірталас алаңдарын ұйымдастырды. Пікірталас алаңында алғы сөзді Астана қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы Әділбаев Серік Тәукеұлы алып «Білім беру саласының цифрлық кеңістіктегі өзгерісі»атты отырыс қатысушыларын жаңа оқу жылы бастамасымен басшылық атынан құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. 

Жиын барысында Сәуле Зейнолла, Teachers Lab мұғалімдерге арналған маркетплейстің бас директоры, Александр Тесленко, Әдістемелік орталықтың ғылыми кеңесшісі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор., Толқын Төлеген, Primary School «Тұлға» директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі, Айгуль Рамазанова, «Әдістемелік орталығы» МКҚК бөлім басшысы, Басықара Бексұлтан, А.Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары, Самал Шайхиева, Қ.Сатпаев атындағы Binom School мектеп-лицейі директорының бейіндік орынбасары, Гани Айдаров, психолог «STEAM Solutions»  жарыс сөзге шықты. 

Кеңес мазмұны цифрлық кеңістіктегі өзгерістерді қамтып, 5 секциялық алаң жұмыс істеді. «Tester kz», «KitapLab», «ITLES», «STEAM Solution» компаниялары платформаларының таныстырылымы ұйымдастырылды. 

«Ойнаймыз ба әлде оқимыз ба? VUCA әлемінде мектепке дейінгі білім берудің маңыздылығы және қауіпсіз орта» секциялық алаңы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында цифрлық өзгерістер туралы талқыланды. 

«Hard skills / Soft skills: білім алушының академиялық үлгерімін жетілдіретін дағдылар» секциялық алаңы орта білім беру ұйымдарында цифрлық платформаларды қолдану формаларын, балалардың қызығушылығын арттыру жолдарын қарастырды. 

«Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңа технологиялардың әлеуеті мен тәуекелдері» секциялық алаңы цифрлық кеңістіктегі өзгерістерді қолдана отырып педагог имиджін көтеру, сандық ресурстарды қолданудың тиімділігі туралы пікір алмасып, ой бөлісті. 

«Жасанды интеллект және рухани-адамгершілік құндылықтар: негізгі аспектілер» секциялық алаңы бала тәрбиесіндегі құндылықтардың маңыздылығы және білім берудегі алатын орыны туралы талқылады. 

«Мамандық таңдау және болашаққа жаңа көзқарас» секциялық алаңы болашақ мамандықтың бала өміріндегі алар орынын және мамандық таңдауда цифрлық құралдарды дұрыс қолдана білу жолдарын қарастырды.  

Кеңеске мектепке дейінгі, орта, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі, ақпараттық комуникациялық істер жөніндегі орынбасарлары және кәсіби бағдар беруші педагогтер қатысты. 

Кеңес нәтижесі бойынша қатысушылар цифрлық кеңістіктегі жаңалықтармен танысып, кәсіби біліктіліктерін толықтырды. 

Тамыз кеңесінің материалдары www.bilim.astana.kz және  www.astana-modern.edu.kz  сайттарында жарияланады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *