2025 жылғы 22 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «№105 орта мектеп» КММ базасында мектеп директорларының орынбасарларына арналған «Дұрыс кері байланыс – сапалы білім» тақырыбында қалалық оқыту-семинары өтті.
Семинардың мақсаты – сабаққа қатысу барысында тиімді бақылау жүргізудің бір әдісі ретінде кері байланыстың маңыздылығын түсіндіру және басқарушылық тәжірибеде оның тиімді қолданылуын көрсету.
Семинар жұмысын алғысөзбен мектеп директоры Мейрим Ашу және «Әдістемелік орталғы» орта білім беру бөлімінің басшысы Кыпшақбаева Қымбат Болатовна ашты.
Негізгі бөлімде мазмұнды таныстырылымдар мен тренингтер өтті. Аубакиров Аят Сабитович кері байланыс берудің әдіс-тәсілдері бойынша таныстырылым жасады.
Психолог Беркимбаева Улзира Калдыбековна психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған ми жаттығуларын өткізсе, Наурзбекова Бактыгүл Ныгымановна мен Исмайлова Калила Мамадияровна білім беру процесіндегі кері байланысқа негізделген нәтижеге бағытталған әрекеттер туралы мазмұнды баяндама жасады.
Кабдиева Анар Сәрсенбаевна сабақты тиімді бақылау тақырыбында тренинг жүргізіп, практикалық мысалдармен бөлісті.
Оразбекова Гульзира Алиакбаровна сабақты бақылауда назарға алынатын басты тұстарды тренинг түрінде ұсынды.
Іс-шара соңында қатысушылар рефлексия жасап, өз әсерлерімен бөлісті. Кері байланыс нәтижесі семинардың жоғары деңгейде өткенін және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік бергенін көрсетті.
Мұндай оқыту іс-шаралары білім сапасын арттыру мен педагогикалық басқарудағы озық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.