2025 жылғы 16 мамыр күні №97 мектеп-гимназия базасында «Денсаулықпен әл-ауқат-табысты болашақтың кепілі» тақырыбында республикалық практикалық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты– білім беру ұйымдарының 10-сынып оқушыларына «Денсаулық пен әл- ауқат- табысты болашақтың кепілі» элективті курсын енгізу бойынша тәжірибе алмасу. Семинар қатысушылары: «Amway Central Asia» ЖШС өкілдері, Алматы қаласы Білім басқармасы
«Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми – әдістемелік орталығы» ШЖҚ МКК мамандары, жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық ассоциациясы, Қазақстан аймақтарындағы білім беру ұйымдары әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің өкілдері, Астана қаласы педагогтері.
Семинар 1-бөлімінде элективті курс авторлары, Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми- әдістемелік орталығы әдіскері Локтионова Ольга Степановнамен Ежова Татьяна Владимировна «Нақты тарихи құбылыстарды тануда білім алушылардың тарихи ойлауын қалыптастырудағы «Денсаулық пен әл-ауқат–табысты болашақтың кепілі» бағдарламасының міндеттері» тақырыбында ой-бөлісті. Сонымен қатар, Бахтеева Наталья Александровна, «Amway Central Asia» ЖШС білім беру жобалары бойынша жетекші маманы, курстың құрылымы, өзара байланыстылығы, алты бөлімнен тұратын –дене, ақыл саулығы, қоғаммен байланыс, жеке өсу, қаржылық әл-ауқат және планетамыздың денсаулығы -Amway құндылықтарын бейнелейтін тұтас жүйе ретінде әңгімеледі.
Іс-шараның 2-бөлімінде №97 мектеп-гимназиясының 8 сынып білім алушыларға Астана Медицина университетінің ғылыми қызметкері, терапевт дәрігері Сүйіндік Қарлығаш Болатқызы «Ұйқының физиологиялық табиғаты туралы» түсінік. Ұйқының денсаулыққа әсері туралы биология пәнінің мұғалімі Сексенова Айжан Болатбекқызы мен Нұржанова Гүлжазира Сейдуалиевнаның басшылығымен элективті курс аясында мектептің 10-сынып білім алушылары ашық сабақ өткізілді.
Семинардың 3-кезеңінде қазақстанның өңірлерінен келген әдістемелік орталықтардың, білім беру ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел аясындағы дискуссиялық алаңда аталған бағдарламаның жасөспірімдерге оң әсері туралы талқылау жүргізілді.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, бағдарламаның алдағы жоспарын талқылады.