Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі

2024 жылғы 18-19 қыркүйек күндері Алматы қаласында «Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі» бағдарламасының таныстырылымы бойынша конференция өтті.

Конференция қатысушылары «Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі» атты 10-сынып білім алушыларына арналған элективті курс бағдарламасы мазмұнымен танысты. Бағдарлама авторы курс ерекшеліктері мен күтілетін нәтижелер туралы атап өтті. Сонымен қатар курс мазмұны мета-пәндік дағдыларды қалыптастыруды көздейді. Курс бағдарламасы дене денсаулығын сақтау және дамыту бағытында жалпы мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

Іс-шара аясында «Amway Central Asia» ЖШС мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ынтымақтастықта жұмыс жасау бойынша меморандумға қол қойылды.

Болашақта Астана қаласы мектептерінің 10-сынып оқушыларын элективті курс бағдарламасымен таныстыру жоспарлануда.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *