2026 жылдың 16 қаңтар күні Astana Hub алаңында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қолдауымен және Drone Tech Center ұйымдастырумен жалпы орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Цифрлық серпін: Дрон-футбол, дрондар және EdTech шешімдер» атты қалалық конференциясыөткізілді.
Конференция мақсаты: Білім беру процесіне дрондарды, EdTech шешімдерді, инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы оқытудың сапасын арттыру, дрон-футбол бағытын мұғалімдер мен оқушылар арасында дамыту. Іс-шараға жалпы орта білім беру ұйымдарынан 70-ден астам мектеп қатысты.
Бағдарламада:
Startup Alley және DroneTech, AEROO, Artisan Education, Cyberpack.ai компанияларының шешімдері ұсынылған ашық көрме.
Kazakhstan Drone Soccer Association (KDSA) ұйымдастырған «Білім берудегі дрондар» секциясы.
DronED жобасының дрондарды оқытуға арналған білім беру платформасы туралы таныстырылымы.
Қорытынды бөлім: дрон-футбол, іс-шаралар күнтізбесі, енгізу жол картасы + Q&A және нетворкинг.
Жеке атап өтерлік маңызды ақпарат:
Біздің бағдарламамыз аясында Астана қаласының мұғалімдерін БПЛА-мен (ұшқышсыз ұшу аппараттарымен) жұмыс істеуге оқытып үлгердік — 118 мектеп мұғалімі және 32 колледж оқытушысы. Бұл технологияның мектептерде қауіпсіз, жүйелі түрде және нақты нәтижемен дамуына мүмкіндік береді.
Конференцияның нақты мазмұны үшін ұйымдастырушылар мен серіктестерге алғыс айтамыз. Алда әлі көп жұмыс бар: пилоттық жобалар, мектеп лигалары, жарыстар және экожүйенің кеңеюі.








