2025 жылғы 26 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Болашақ білім беруді түрлендіру: математика сабақтарында заманауи әдістерді интеграциялау» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты — мұғалімдерге заманауи оқыту әдістерін ұсыну және интерактивті, тиімді оқыту тәсілдерін қолдану дағдыларын дамыту болды. Семинар офлайн форматында өтіп, оған Алматы қаласы, Қарағанды және Түркістан облыстары, сондай-ақ қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Семинарда көрнекі сабақтар мен шебер сыныптар өткізілді, онда әртүрлі математикалық және физикалық тақырыптар бойынша интерактивті әдістер көрсетілді. Мысалы, тригонометрия формулалары мен физика сабақтарының өткізілуі арқылы мұғалімдер жаңа білім беру әдістерімен танысты. Сондай-ақ, жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері мен жаңа технологиялар туралы баяндамалар тыңдалды. Іс-шара соңында қатысушылар семинардан мол тәжірибе мен пайдалы ақпарат алды, семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны атап өтілді.