Білім сапасы арттыру жағдайында оқу мазмұны мен әдістерін жетілдіру, жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру

Астана қаласының №107 орта мектеп базасында Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен химия және биология пәндері мұғалімдеріне «Білім сапасы арттыру жағдайында оқу мазмұны мен әдістерін жетілдіру, жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: Мұғалімдерге жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін қолданылатын тапсырмалардың ерекшеліктерін таныстыру

Семинар спикерлері оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстар негізінде функционалдық сауаттылықты дамыту жолдарын анықтау бойынша тиімді тәсілдерге тоқталды.

Мұндай іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби дамуына, педагогикалық шеберліктерін арттыруға, сонымен қатар оқушылардың білім сапасын жақсартуға оң ықпалын ететіні сөзсіз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *