2025 жылғы 21 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың жас меңгерушілері арасында «Білім берудегі көшбасшы» атты қалалық байқау өтеді.
Байқаудың мақсаты – балабақша меңгерушілерінің кәсіби шеберлігін анықтау, басқарушылық қабілеттерін жетілдіру және инновациялық идеяларды ілгерілету арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру.
Іс-шара жас басшыларға өз әлеуетін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және үздік басқару тәжірибелерін енгізуге мүмкіндік береді.