Астана қаласында «Білім беру ұйымдарының психологиялық қызмет жұмысын әдістемелік сүйемелдеу және үйлестіру» республикалық семинары басталды, ол 2023 жылғы 3-5 мамыр аралығында үш күн бойы жалғасады.
Семинарды Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет тәжірибесін жинақтау, білім беру жүйесін жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу бойынша үздік тәжірибені тарату, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру жағдайында білім беру процесінің барлық қатысушыларына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін ашу шеңберінде ұйымдастырды.
Семинарға облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері, оқу-әдістемелік орталықтардың мамандары, білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің қызметіне жетекшілік ететін кабинеттердің әдіскерлері, сондай-ақ педагог-психологтар, әдістемелік бірлестіктердің басшылары қатысты.
Аудиторияны облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері, оқу-әдістемелік орталықтардың мамандары, білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің қызметіне жетекшілік ететін кабинеттердің әдіскерлері, сондай-ақ педагог-психологтар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының, Қызылорда, Арқалық қалаларының әдістемелік бірлестіктерінің басшылары және т.б. құрады.
Спикерлер ретінде ҮЕҰ серіктестері, бөлім әдіскерлері, елорданың тәжірибелі педагог-психологтары сөз сөйледі.
Семинар әдістемелік орталық жетекшісі Дауешова Синдер Мұратқызының кіріспе сөзімен ашылды. Бұдан әрі «Құқық» ҚҚ психологы Амангелдіқызы Нұрай «Деструктивті мінез-құлық белгілері бар балаларды психологиялық-құқықтық сүйемелдеу» тақырыбында сөз сөйледі.
«Bilim Foundation» ҚҚ психоаналитигі Жанат Әбдіжәміқызы Досжанова семинарға қатысушыларды «Денсаулық және өмірлік дағдылар» элективті курсы шеңберінде білім алушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру әдістерімен таныстырды.
Ерейісова Жазира Көпболқызы және Тұрғымбаева Меруерт Жанатқызы, Астана қаласының №53 МЛ педагог-психологтары мектеп психологының жұмысында «Амалтея» автоматтандырылған психодиагностикасын қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға сондай-ақ Солтүстік Қазақстан университетінің проректоры, ППМАЖ жобасының тең авторы Белгібаев Рашит онлайн-қатысып, «ППМАЖ HR+» жобасы шеңберінде психологиялық қызметтің қызметін цифрландыру қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді.
Семинар форматында жобаларды сынақтан өткізу тәжірибесі мен модернизация жағдайында білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің заманауи тәсілдері таныстырылды.
Одан әрі семинарға қатысушыларды «Вilim Foundation», ҚҚ психоаналитигі Жанат Әбдіжәміқызы Досжанова өткізген «Мектеп психологының жұмысындағы консультативтік практика» практикалық сабағына шақырды.
Семинарға қатысушылар ұсынылған психологиялық міндеттер мен жағдайларды шешуге белсенді қатысып, семинардың құндылығы мен практикалық маңыздылығын атап өтті.