2025 жылы 14 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінің базасында «Білім беру ұйымына “ADKAR” моделі негізінде жоба енгізу» тақырыбында қалалық тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарында оқу үдерісіне PBL (Project Based Learning) жобасын енгізу жолдарын көрсету. Іс-шараға Астана қаласы мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі жас орынбасарлары қатысты.
Бағдарлама аясында авторлық курстар мен мектеп жобалары таныстырылып, басқару, көшбасшылық және білім сапасын арттыру бағытында баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, оқушылардың қатысуымен пәндік интеграцияға негізделген жобалық сабақтар көрсетілді.
Семинар соңында рефлексия ұйымдастырылып, қатысушылар енгізуге жоспарланған нақты өзгерістер мен ұсыныстарымен бөлісті.