Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне арналған «Инновациялық идеялар алаңы: STEAM және цифрлық білім беру» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық семинар

2025 жылы 28 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен Астана қаласы әкімдігінің «№107 орта мектеп» КММ-нің бірлесіп ұйымдастыруымен «Инновациялық идеялар алаңы: STEAM және цифрлық білім беру» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар пленарлық отырыс, секциялық отырыс, шебер-сыныптар, STEAM көрмесі, қорытынды бөлімдерді қамтыды. Семинарға Қостанай, Семей облысынан және Теміртау қасалынан 8 мұғалім, Астана қаласынан 17 мектеп басшысы, 80 директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-шеберлері, педагог-зерттеушілері қатысты.

Пленарлық бөлімде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Қаратабанов Руслан Адильханович пен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім мазмұны институтының жетекші ғылыми қызметкерлері, Назарбаев университетінің энергетикалық космос лабораториясының ассоциациялық директоры, физика ғылымдарының профессоры Абдикамалов Ерназар Бахтиярұлы, Астана қаласы әкімдігінің «Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектеп» ЖШҚ КМК директоры Азимханова Сауле Мыңшалқызы, Астана қаласы әкімдігінің «№107 орта мектеп» КММ директоры Бейсенбина Айгуль Базарбайқыздары өз жобаларын таныстырып, тәжірибелік пікір білдірді.

Семинардың секциялық бөлімінде мектеп директорлары мен педагог-шеберлер «Қазақстанның цифрлық трансформациясына бейімделу құралы ретінде STEAM оқыту мен ақпараттық технологиялардың артықшылықтары және дамыту перспективалары» тақырыбы бойынша тәжірибе алмасты. Секциялық бөлімде 37 мұғалім өз тәжірибесімен бөлісіп, білім беру үдерісінде STEAM және цифрлық білім берудің артықшылықтарын айтып ой бөлісті.

Секциялық бөлімнен кейін қатысушылар шебер-сабақтарға қатысып, кері байланыс берілді. Сонымен қатар STEAM көрмесіндегі мектептердің үздік жұмыстарымен таныстырылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *