БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2025 жылдың 12 желтоқсан күні Астана қаласындағы № 101 орта мектепте Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және «ROQED» ЖШС компаниясының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Білім беру ұйымдарын басқаруда жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбындағы шеберлік-сынып өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жасанды интеллектті басқару процесінде тиімді әрі қауіпсіз қолданудың нақты жолдарын көрсету.

Шеберлік-сынып барысында жасанды интеллекттің басқарудағы жасырын мүмкіндіктері мен тапсырмаларды автоматтандыру тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар, мұғалімдердің ЖИ-ді дұрыс қолданбауы, жауаптарды тексермей қабылдаудың тәуекелі сияқты қауіп-қатерлер талқыланды.

Директорларға арналған «ақылды» платформалар ұсынылып, Қазақстан білім беру жүйесі мен ЖИ мазмұнының ұлттық құндылықтарға сәйкестігі, оқушылардың қауіпсіздігі мен академиялық адалдық мәселелері де назарға алынды.

Әлемдік тәжірибеден мысалдар келтіріліп, Финляндияның «Double Check» моделі, Сингапурдағы ЖИ қолдану ерекшеліктері және Кореядағы сапаны бақылау тәжірибесі таныстырылды. Мұғалім шығармашылығы мен ЖИ арасындағы байланыс, ашық сабақтардағы шынайы сапаны анықтау жолдары да талқылау тақырыбына айналды.

Шеберлік-сынып интерактивті форматта өтіп, практикалық кейстер мен сұрақ-жауап сессиясы арқылы мектеп басшыларына нақты қолдау көрсетілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *