«Білім беру ұйымдарында ерекше білім  беру  қажеттілігі  бар балаларды  педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру»

2024 жылғы 12 желтоқсан күні  Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс  жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Білім беру ұйымдарында ерекше білім  беру  қажеттілігі  бар балаларды  педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Орталық әдіскерлері Білім басқармасының мамандарымен бірлесе отырып әдістемелік көмек көрсету мақсатында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-сыныптар мен тренингтер өткізді.

Семинар барысында:

  • инклюзивті білім беруде қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру;
  • жалпы білім беретін мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру;
  • ЕББҚ бар балаларға арналған білім беру бағдарламалары: бейімделген және жеке бағдарламаларды жасау алгоритмі;
  • оқушыларды арнайы сыныптарда және үйде оқыту ерекшелігі туралы толық ақпараттар беріліп,  «Мен және менің тұлғам» тренингі мен «Интеграция және даму. Мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы қолдау механизмі» тақырыбында шебер-сынып көрсетілді.

            Астаналық мектеп басшылары өз сауалдарына толық жауап алып, алдағы уақытта қандай тақырыптар бойынша әдістемелік көмек қажет екендігі жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *