«Салауатты тамақтану мектебі» жобасын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен
бөлісу мақсатында 2023 жылғы 28 сәуірде Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінде
«Білім — адамның құндылығы, тәжірибенің шыңы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар жұмысына Астана қаласы мектептерінің 20 бастауыш сынып педагогі қатысты.
Семинар барысында келесі тақырыптар бойынша бірқатар ашық сабақтар мен
сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді: «Әлем халқының тағалары» 2 — сынып, «Дұрыс
тамақтану-денсаулық кепілі» 4-сынып, сондай-ақ білім алушылар ғылыми жобалар
көрмесі мен көкөністер фестивалін ұсынды.
Семинар соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.