2025 жылғы 30 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен №32 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бастауыш сынып сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.
Пленарлық жұмыстан соң 5 пән бойынша секцияларда іс-тәжірибемен бөлісу аясында мұғалімдермен теориялық және практикалық жұмыстар жүргізілді.
Семинар соңында қала мектептер келген мұғалімдер баяндама жасап, кері байланыс берілді.