Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

2025 жылдың 28 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен Т.Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне «Оқытудың заманауи әдістері» атты қалалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Құндылыққа негізделген білім беру арқылы мұғалімнің ізденісі мен шеберлігін, инновациялық идеяларды тәжірибеде көрсету.

Семинарда қаланың бастауыш сынып педагогтері А.С. Курегенова «Subtraction Within 100», А.Б. Кажмуратова «Subtraction With Renaming» Сингапурлық математика бойынша ашық сабақтар мен шеберлік сынып көрсетті.

Сонымен қатар, практикалық бөлімде «Қоршаған ортаның ластану деңгейін қалай төмендетеміз? «Eco Life» акциясы «Eco Kashbek» — қалдық заттарға екінші өмір сыйлау; «Eco Мекен» — қоршаған ортаны жасылдандыруды өзімізден бастаймыз; «Eco experiment» тақырыбында тәжірибелік жұмыстарымен бөлісті.

Семинар соңында, мұғалімдер семинардан алған әсерлері туралы ой бөлісіп, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *